Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияда түлектерді ҰБТ-ға дайындық кезеңінде психологиялық қолдау көрсетуге арналған ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесудің мақсаты – ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы сенім мен түсіністікті нығайту, ата-аналардың балаларын ересек өмірге қадам басар сәтінде сенімді тірек болуына жәрдемдесу.
Жиында ата-аналарға жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері, олардың уайымдары, мотивациясы мен толғаныстары туралы ақпарат берілді.
Негізгі назар балалармен эмоциялық жақындасу мен олардың таңдауына құрмет көрсету мәселесіне аударылды.
Практикалық бөлімде келесі ассоциативтік жаттығулар өткізілді:
«Тау» – өмір жолын түсінуге бағытталған жаттығу: ата-аналар өздерінің өмірлік “шыңдарын” елестетіп, баланың талпынысын тереңірек түсініп, ата-аналық қолдаудың маңызын сезінді;
«Тілек дүкені» – шығармашылық тапсырма: ата-аналар балаларға “сенімділік”, “махаббат”, “денсаулық”, “өз-өзіне сену” сынды ресурстарды “сатып алды”. Бұл жаттығу әрбір қатысушыны тебірентіп, жасөспірімдердің шынайы мұқтаждықтары туралы ойландырды.
Кездесу сенім мен шынайылыққа толы атмосферада өтті. Ата-аналар баланы тек емтиханға дайындап қана қоймай, онымен махаббат, қабылдау және таңдауына деген құрметке негізделген кеңістік құрудың маңызын атап өтті.