Арқалық қаласындағы Ангар жалпы білім беретін мектебінде ата-аналар зиянды әдеттер тақырыбына арналған жиналысқа шақырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ағартушылық: ата-аналарға зиянды әдеттердің түрлері мен олардың салдары туралы ақпарат беру, сондай-ақ балаларды мұндай кері әрекеттерден қорғау жолдарын ұсыну.
Тренингтің негізгі міндеттері:
Зиянды әдеттердің балалар психологиясы мен денсаулығына әсерін түсіндіру;
Балаларда зиянды әдеттерге деген теріс көзқарас қалыптастыру;
Ата-аналармен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру.
Тренинг барысында:
Мектеп психологы «Балаларды қоғамдағы зиянды әдеттерден қорғау» тақырыбында баяндама жасады;
Ата-аналар топтарға бөлініп, зиянды әдеттердің қауіптілігін бейнелейтін постерлер жасады;
Қатысушылар пайдалы кеңестерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Іс-шара соңында ата-аналар салауатты өмір салтын насихаттаудың және балалардың іс-әрекетіне үнемі назар аударудың маңыздылығын ерекше атап өтті.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg