Арқалық қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияда ата-аналарға арналған сабақ өтті. Бұл жиында ата-аналарға өзара, мұғалімдермен және балалармен үйлесімді қарым-қатынас орнату жолдары үйретілді.
Жиналыстың тақырыбы: «Мұғалім – оқушы – ата-ана» үшбұрышында позитивті эмоционалды атмосфера қалыптастыру». Іс-шара біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мұғалім, ата-ана және оқушы арасында сенімді әрі қолдаушы эмоционалды қарым-қатынас орнату, өзара түсіністік пен тыңдай білу қабілетін дамыту.
Бағдарламада:
Ата-аналарға арналған бейнероликтер көрсетілді;
Баяндамалар мен тренингтер ұйымдастырылды;
Жазғы кезеңге арналған қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.
Ата-аналар белсенділік танытып, ой-пікірлерімен бөлісті және өз сұрақтарына жауап алды.
Мұндай іс-шаралар мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайтып, барлық тараптарға қолайлы орта қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg