ҚАРАСУ АУДАНЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН: ЖАЗҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУҒА ТИІМДІ ҚАДАМ
Бүгін мен және Өңірлік психологиялық қолдау орталығының мамандары Қарасу ауданына қарасты Қараман мектебіне (Жобалық офис қатысушысы) әдістемелік көмек көрсету және жазғы психологиялық қолдау алаңын іске қосуға дайындық мақсатында бардық.
Сапар барысында:
- пилоттық мектепке мониторинг жүргізілді,
- нормативтік-құқықтық құжаттар мен талдамалық материалдар зерттелді,
- облыстық жобалар аясындағы жұмыс бағыттары талқыланды.
Ерекше назар буллингтің алдын алуға және мектеп оқушыларына жедел көмек көрсетуге бағытталған «КодАктив» жедел психологиялық көмек бағдарламасының жүзеге асырылуына аударылды. Сонымен қатар, республикалық байланыс орталығы «111» туралы ақпараттың болуы және «Адал азамат» бағдарламасының компоненттерінің орналасуы тексерілді.
Мектеп мамандарымен болған диалог мазмұнды әрі нәтижелі өтті: өзекті мәселелер айтылып, өсу жолдары мен ынтымақтастық бағыттары белгіленді. Ұжымның жоғары деңгейдегі белсенділігі мен жүйелі қолдауға деген ұмтылысы қуантады!
Ауданның заманауи тәжірибелерді енгізуге шынайы дайын екенін көріп отырмыз және біздің қолдауымыз сапалы өзгерістерге негіз болады деп сенеміз.
Ауданның заманауи тәжірибелерді енгізуге шынайы дайын екенін көріп отырмыз және біздің қолдауымыз сапалы өзгерістерге негіз болады деп сенеміз.