САРЫКӨЛ АУДАНЫНА ІС-САПАР: САПАЛЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУҒА БАСА НАЗАР АУДАРУ
Бүгін біз Сарыкөл ауданында болдық. Жұмыстық сапардың мақсаты – әдістемелік көмек көрсету және жобалық кеңсе құрамына кіретін пилоттық нысан – Сорочин мектебінің жұмысын сараптау.
Сапардың басты мақсаты – аймақтағы біздің Орталықтың негізгі бағыттарын жүзеге асырып жүрген мамандарға қолдау көрсету және сүйемелдеу.
Әдістемелік күн аясында:
- мектептің психологиялық қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар зерделенді;
- облыстық жобалар бойынша аналитикалық материалдар, жоспарлар мен есептер талданды;
- оқушыларды сүйемелдеуде қолданылатын практикалық әдістемелік материалдарға сараптамалық баға берілді.
Мектептің психологиялық қызмет мамандарымен өткен сұхбат барысында өзекті мәселелер талқыланып, өсу нүктелері белгіленіп, алдағы ынтымақтастық жолдары нақтыланды. Мектеп мамандарының өз жұмыстарының сапасын арттыруға ұмтылысы қуантады.
Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен ұжымының балаларға сапалы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесін дамытуға деген қызығушылығын ерекше атап өткім келеді. Олар тиімді тәжірибелерді енгізуге және кәсіби дамуға дайын.
Көрсетілген әдістемелік көмектің аталған мектептегі психологиялық қызметтің алдағы жұмысына берік негіз боларына сенімдіміз.