АСТАНАДАҒЫ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМ: ТӘЖІРИБЕ МЕН ШАБЫТ КҮНІ!
Форумның екінші күні – кәсіби инсайттарға толы нағыз білім қазынасы болды!
Мастер-класстар келесі маңызды тақырыптарда өтті:
- Оқушылардың қабілетін анықтау мен дамытуға арналған заманауи психотехнологиялар;
- Баланың әлеуетін ашудағы отбасының рөлі;
- Инклюзивті білім беру;
- Оқушыларды кәсіби бағдарлау – бәрі де ойға ой қосып, кәсіби дамуға үлкен серпін берді.
Ерекше әсер қалдырған – жасөспірімдер арасында буллинг пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға арналған мастер-класс. Осы сессияда мен өз Орталығымыздың тәжірибесімен бөлістім.
Айтпақшы, осы тақырыпқа арналған crunch-сессияда Тренто университетінің (Италия) психология және когнитивтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, профессор Жанлуко Эспозито баяндама жасады. Шетелдік әріптестің тәжірибесі өте қызықты әрі пайдалы болды.
Мұндай форумға қатысу, қазақстандық және халықаралық сарапшылардан үйрену – кәсіби білім мен дағдыларды кеңейту жолындағы сенімді қадам!
Мұндай іс-шаралар – психологияның тек ғылым емес, сонымен қатар адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған тірі тәжірибе екенін еске салатын тамаша мүмкіндік.
Ұйымдастырушылар мен әріптестерге алғыс білдіремін!