ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР, ӘРІПТЕСТЕР!

Біздің командамыз үшін «Психология және тәрбие» журналының алғашқы нөмірінің жарық көруі – нағыз мерекеге айналды. Бұл қуанышымды сіздермен бұрын да бөліскен едім, дегенмен сезімдер әлі де басылар емес, тағы да біраз ойымды ортаға салғым келеді!

Сол себепті біз журналды білім беру ұйымдарына жай ғана таратып қоймай, жылы жүздесу ұйымдастырдық. Әр өңірден әдіскерлер мен желілік үйлестірушілерді шақырып, олармен шынайы әрі шырайлы кездесуде журнал жинақтарын табыстадық. Осылайша әр білім беру мекемесіне өз данасы жететін болады.

Айта кеткім келеді, бұл журнал – жай ғана мақалалар жинағы емес. Бұл – сіздердің кәсіби алаңдарыңыз. Тәжірибе алмасатын, өсіп-дамуға, шабыт алуға болатын орта!

Сонымен қатар бұл журнал – сіздің кәсіби мансабыңыз үшін маңызды құрал: мұнда жарияланған материалдар аттестация кезінде ескеріледі!

Біз сіздермен бірге тек басылым ғана емес, еліміздің балалар болашағына, отандық психологиялық қызмет тағдырына бейжай қарамайтын жандардың қауымдастығын құрып жатырмыз деп сенеміз.

Сондықтан сіздердің материалдарыңызды, оқиғаларыңызды, идеяларыңызды асыға күтеміз! Әрбір нөмір тәжірибеге толы, дана ойлы, мейірімді энергиямен көмкерілген болсын. Сіздердің еңбектеріңіз – біздің шабыт.

Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет! «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің табысталуы бойынша айтқан жылы лебіздеріңіз үшін алғысым шексіз!

Сөздеріңіз, назарыңыз бен құрметіңіз – жаңа идеялар мен жобаларға шабыт береді!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg