«HR+» АСППМ әзірлеушілері – «CODO» ЖШС мамандары ұйымдастырған облысаралық оқу семинары өтті.
Іс-шара еліміздің барлық Психологиялық қолдау орталықтары мамандарының тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру және инновацияларды практикаға енгізу алаңына айналды.
Семинар қатысушылары білім беру мекемелеріндегі психологтар алдағы уақытта қолданатын жаңа диагностикалық әдістер мен құралдар туралы мәлімет алды. Бұл әдістер оқушыларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдаудың сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.