ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Өркен» балалардың әл-ауқаты жөніндегі ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты» КЕАҚ Психологиялық қолдау орталықтарының директорлары және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Болатқызы Закиевамен бірлесіп жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға кешенді көзқарас қалыптастыру.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына қатысты алаңдатарлық статистиканы ұсынды. Сарапшылар жасөспірімдер арасындағы дағдарыс жағдайларын анықтау, алдын алу және еңсеру жолдарын, сондай-ақ балаларға, ата-аналар мен педагогтерге көрсетілетін қолдауды күшейту мәселелерін талқылады.
Бірлескен жұмыстың басым бағыттары анықталды:
– тәуекелдерді анықтау жүйесін жетілдіру,
– психологиялық көмектің сапасын арттыру,
– балалармен жұмыс істейтін барлық тараптар арасындағы өзара байланысты нығайту.
Сондай-ақ, ведомстволық өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды:
• Дағдарыстық жағдайларға әрекет ету алгоритмдерін жетілдіру.
• Мамандардың біліктілігін арттыру.
• Алдын алу жұмысының белсенділігін арттыру.
• Барлық деңгейде өзара іс-қимылды кеңейту.
Мұндай диалогтар аса маңызды: тек тығыз ынтымақтастық арқылы балаларды қолдаудың тұрақты әрі тиімді жүйесін құруға болады.