Жуырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы өтіп, онда әлеуметтік-экономикалық дамудың және республикалық бюджеттің атқарылуының алғашқы жартыжылдық қорытындылары қаралды.
Алдын ала деректерге сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанның ЖІӨ көрсеткіші 6,2%-ға жетті, бұл тұрақты даму қарқынын дәлелдейді. Өсімнің жоғары қарқыны құрылыс, сауда, өнеркәсіп және байланыс сияқты негізгі салаларда байқалды.
Премьер-Министр Олжас Бектенов төрағалық еткен Үкімет отырысында экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды кеңейту, инвестиция тарту және экспортты дамыту шаралары талқыланды. Сондай-ақ цифрландыру, көлік дәліздерін дамыту, аграрлық секторды қолдау және бағаны тұрақтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды – мұның бәрі елдің ұзақ мерзімді әрі тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жартыжылдықтағы экономикалық нәтижелер елдің ішкі және сыртқы деңгейде алға басқанын көрсетеді. Алайда әр жетістіктің артында адамдар тұр: олардың эмоционалдық жағдайы, психологиялық тұрақтылығы және ішкі ресурстары өнімділікке және уақыт сынын қабылдауға тікелей әсер етеді. Сондықтан экономикалық табыстар аясында адами капиталдың құндылығына назарды сақтау маңызды.
Психологиялық қолдау орталығының жетекшісі ретінде, адами капиталдың сапасы тек білім мен кәсібилікке ғана емес, сонымен бірге ішкі жағдайға да байланысты екеніне кәміл сенімдімін. Бұл – күйзеліске төтеп беру, ертеңгі күнге сенімділік және уақыт талабына бейімделе алу қабілеті.
Сондықтан Орталығымызда педагогтердің эмоционалдық күйзелісінің алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргіземіз, ата-ана мен бала қарым-қатынасына қатысты отбасыларға кеңес береміз, жасөспірімдерді бейімделу кезеңінде және жеке дағдарыстарда сүйемелдейміз. Ел қаншалықты тұрақты болса да, сыртқы өсім мен ішкі үйлесімділіктің теңгерімін ұмытпау одан сайын маңызды бола түседі.
Психологиялық әл-ауқат – қоғам денсаулығының негізгі көрсеткіші. Құрылыс пен инфрақұрылымды жаңарту қарқыны психологиялық көмек қызметтерін кеңейту, менталды денсаулық бағдарламаларын күшейту және психологтарға қолжетімділікті арттырумен қатар жүруі тиіс.
Ақыр соңында, өмір сапасы – тек жайлылық емес, сонымен бірге қауіпсіздік сезімі, қабылдау және түсіну. Біз өзгермелі әлем жағдайында әр адам өзін естіген және түсінген сезінуі үшін күн сайын еңбек етеміз.