Шолақсай негізгі мектебінде «Баланы тәрбиелеу – біздің ортақ жауапкершілігіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесуді біздің Орталықтың облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында педагог-психолог С.Т. Стамқұлова мен кітапханашы О.Н. Айтекова ұйымдастырды.
Кездесу барысында мынадай мәселелер талқыланды:
баланы дұрыс тәрбиелеу жолдары;
отбасылық қарым-қатынас мәдениеті;
кітап оқудың тәрбиелік маңызы;
ата-ана мен мектептің өзара байланысы.
Ата-аналар әңгімеге белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісіп, көкейкесті сұрақтарына жауап алды.
Осындай шаралар отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, балалардың үйлесімді дамуына негіз қалайды.