Фёдоров ауданы Абай атындағы мектепте балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелеріне арналған атаяаналар жиналысы өтті.
Мектеп психологы қолдаудың мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, баланың тұлғалық дамуының маңызды бағыттарын атап өтті.Сондай-ақ тек отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы ғана жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыратынын айтты.
Ата-аналарға тәжірибелік ұсыныстар берілді:
баланың эмоционалдық жағдайын қалай қолдау керек;
сенімді қарым-қатынасты қалай нығайтуға болады;
оқуға деген ынтасын қалай қалыптастыру қажет.
Мұндай кездесулер ата-аналардың тәрбиелеу мен оқытудың заманауи тәсілдерін жақсырақ түсінуіне, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайтуға көмектеседі