Оқу жылының басында балалардың мектеп өміріне бейімделуіне бағытталған психологиялық тренингтер облыстағы барлық білім беру мекемелерінде өтті. М. Әуезов атындағы №5 ЖББМ пен Б. Майлин атындағы №3 мектептің педагог-психологтары бұл жұмыстың қалай өткенін айтып берді.
Аталған мектептерде мұндай жұмыс бірінші сынып оқушыларымен жүргізілді. Арнайы әдістемені қолдана отырып, психологтар барлық баланың мектепке толық бейімделіп үлгермегенін анықтады. Олармен жеке жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ сынып жетекшілеріне ұсыныстар берілді.
Психологиялық-педагогикалық қолдау – әрбір баланың жаңа ортада өзін сенімді сезінуіне, оқу процесіне қызығушылық танытуына және жағымды эмоционалдық атмосферада болуына жасалған маңызды қадам!