14 қыркүйек күні біз тамаша мереке – Отбасы күнін атап өттік. Облыстың білім беру ұйымдарында осы оқиғаға арналған түрлі іс-шаралар өткізілді!
Мысалы, Алтынсарин ауданының Докучаев ЖББМ педагог-психолог К.Э. Яицкова жалпы мектептік «Менің отбасым – менің бақытым» атты фоточеллендж ұйымдастырды. Оның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, ұлттық мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау және дамыту.
Балалар челленджге үлкен ынтамен қатысты: бірі ата-аналарымен, бауырларымен түскен қазіргі заманғы фотосуреттерді, бірі – мұрағаттағы ескі суреттерді ұсынса, ал енді бірі шығармашылық танытып, отбасылық дәстүрді сахналап немесе балалық шақтағы сәттерді бейнеледі!
Сонымен қатар, балалар фотосуреттерге байланысты естеліктерімен бөлісті. Жиналған құнды материал кейін мектеп сайтына орналастырылды. Тамаша бастама!
Осы ауданның Краснокордон мектебінде де Отбасы күніне орай сынып сағаттары өтті. Әр буынға сай өзіндік ерекшелікпен ұйымдастырылғанын ТЖ жөніндегі орынбасары Г.Н. Сергалиева атап өтті.
Бастауыш сыныптарда «Отбасы – бұл сөзде қаншама мән бар!» атты тақырыптық әңгіме өткізіліп, балалар отбасының маңызды құндылықтары жайлы ой қозғап, «Отбасы ағашын» 🌳 салды.
Орта буын сыныптарында сабақтар пікірталас пен презентация түрінде өтті – оқушылар өз отбасы, дәстүрлері, үй ішіндегі қолдау мен жылулық туралы әңгімеледі.
Ал жоғары сынып оқушылары викториналарға қатысып, тақырыптық бейнематериалдар тамашалады. Кейін өз ойларын түрлі формада білдірді: суреттер, постерлер, шағын шығармалар мен ауызша баяндамалар ✏️
Әрине, өткізілген іс-шаралар балалардың туыстарына деген құрметін қалыптастыруға, алғыс, мейірімділік пен жауапкершілік сезімін дамытуға, сондай-ақ отбасының рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі екенін түсінуге маңызды қадам болды!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg