Амангелді ауданының Бүйректал мектебінде педагог-психолог А.М. Анасова біздің Орталықтың облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында ата-аналарға арналған тренинг өткізді. Іс-шара жуырда аталып өткен Отбасы күніне орайластырылды.
Тренингтің мақсаты – отбасылық құндылықтардың маңыздылығын атап өту, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі өз рөлін тереңірек түсінуге көмектесу, сондай-ақ әке, ана және бала ретіндегі өзін-өзі тануға қызығушылықты арттыру.
Тренинг барысында ата-аналар:
қызықты тапсырмалар орындады;
тақырыптық бейнеролик көрді;
тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтар қойды;
педагог-психологтан ұсыныстар алды.
Уақыт тез өтіп, ата-аналар тренингтің пайдалы болғанын және отбасындағы кейбір мәселелерге жаңа қырынан қарауға көмектескенін атап өтті.
Отбасы – басты құндылық, ал ондағы үйлесімді қатынастар балалар мен ата-аналардың бақытты болуының кепілі!