Арқалық қаласының мектептерінде ата-аналармен кездесулер өтті. Кездесулер барысында балаларға деген сенімнің маңыздылығы, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастырудың рөлі кеңінен талқыланды.
Жиындар әңгіме форматында өтіп, өзін-өзі тануға арналған шағын жаттығулар мен өмірлік жағдайларды бірлесе талдауды қамтыды.
Бұл тақырыптың мәні өте терең. Ата-ана мен бала арасындағы сенім – жай ғана сөз емес, ол баланың тұлға болып қалыптасуының, өзін-өзі бағалауының және өмірге деген көзқарасының берік іргетасы. Қабылдау, қолдау және түсіністікке негізделген ортада балалар өзіне сенуді, шешім қабылдауды және қиындықтарды еңсеруді үйренеді.
Жасөспірімдік кезең, әсіресе бітіруші сыныптарда, жоғары эмоционалдық жүктемемен ерекшеленеді. Емтихандар, болашақ жолды таңдау, қорқыныш пен күмән ата-ананың қысымын емес, керісінше тірек болуын қажет етеді. Ата-ананың сенімі балаға өзін қауіпсіз сезінуге, нәтижелер мен жетістіктерге қарамастан қабылданып, бағаланатынын түсінуге көмектеседі
Маңыздыны естен шығармаған жөн:
баланы басқалармен салыстырмау;
жиі қолдау мен сенім білдіретін сөздер айту;
тек талап етпей, тыңдай білу;
талап пен түсіністіктің тепе-теңдігін сақтау;
күйзеліс жағдайында алаңдаушылықты күшейтпей, жанынан табылу.
Ата-ана балаға сенім артқанда, бала өзіне және қоршаған әлемге сенуді үйренеді. Мұндай отбасыларда жылы психологиялық ахуал қалыптасып, өзара түсіністік нығайып, эмоционалдық тұрақтылық дамиды. Сенім – балаларымыздың бақытты әрі өзіне сенімді болашағына салынған инвестиция. Бұл – шындық!
Суреттерде: Ш.Уәлиханов атындағы №1 ОМ, Қараторғай орта мектебі және Арқалық қаласының №2 ОМ-де өткен кездесулерге қатысушылар.








