
Клочков мектебінде педагог-психолог Е.В.Титова тренингтердің бірін кибербуллинг мәселесіне арнады. Мақсат – оқушыларға интернет кеңістігіндегі өз мінез-құлқына саналы және жауапты қарым-қатынас қалыптастыруға көмектесу.
Бұл тақырып виртуалды әлемді пайдаланатын әр адам үшін өзекті. Ал ондайлар, өзіміз жақсы білетіндей, басым көпшілік. Сондықтан «желідегі проблемалар» туралы айту өте маңызды. Әсіресе балалармен.
Интернет – біз сөйлесетін, үйренетін, ойнайтын, жаңа ақпарат алатын орта. Бірақ сол жерде жанжалдар, реніштер, балағаттау мен қысым да болуы мүмкін. Кейде адам өзі байқамай-ақ, кибербуллингке қатысушыға айналып үлгереді – кез келген рөлде.
Көбінесе жасөспірімдер жағдайды толық түсінбей, кибербуллингті байқамай қолдап қояды: лайктар арқылы, смайлик қалдырып немесе үнсіз қалып. Осындай сәтте тоқтап, өзіне сұрақ қойған маңызды: «Мен қазір көмектесіп тұрмын ба, әлде жағдайды ушықтырып жатырмын ба?»
Мұндай сабақтар балаларға кибербуллингке қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға: агрессормен қақтығысқа бармау, ересектерден көмек сұрау, дәлелдерді сақтау және жәбірленушіні қолдау.
Және әркім желідегі өз іс-әрекеті үшін жауапты екенін түсінуге көмектеді деп ойлаймын.







