Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында оқушылардың ата-аналарына арналған «Ата-ана мен бала арасындағы тиімді қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Мектеп психологы ата-аналарға балалардың ішкі әлеміне үңілуге көмектесіп, олардың эмоцияларын, мінез-құлық ерекшеліктерін түсінуге және сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға бағыт берді.
Кездесу барысында педагогтер мен ата-аналар арасында «жүректен жүрекке» диалог орнады. Әңгіме баланы тыңдай білудің, оның сезімдерін қабылдаудың және қиын сәттерде қолдау көрсетудің маңыздылығы жайында өрбіді. Ал тәжірибелік жаттығулар арқылы ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс сөз табуды үйренді.
Нәтижесінде ата-аналар жаңа біліммен ғана емес, әрбір балаға айтылған сөз бен жасалған әрекет өзара сенім мен құрметті нығайтатынын терең түсінген күйде тарқасты.








