Психологиялық жұмыс бөлімі
Миссиясы: кәмелетке толмағандар мен жастардың психо-эмоционалды денсаулығын сақтау, адамның әлеуетті күштері мен мүмкіндіктерін толық ашу, адам жанындағы бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін ресурстарды біріктіру және шоғырландыру (адами, психолого-педагогикалық, әдістемелік, ата-аналық қоғам).
Мақсаты: қоғамға қарсы және деструктивті мінез-құлықтың алдын алуда кәмелетке толмағандар мен жастарға кәсіби қолдау көрсету.
Міндеттері:
- кәмелетке толмағандар мен жастардың психологиялық денсаулығын диагностикалау;
- жеке экологиялық факторлар мен олардың құрамдас бөліктерінің кәмелетке толмағандар мен жастардың денсаулығына және өміріне (қалалық, ауылдық және т.б.) әсерін зерттеу;
- кәмелетке толмағандар мен жастардың психо-эмоционалдық денсаулығын арттыру жолдарын анықтау;
- кәмелетке толмағандар мен жастарды олардың жеке қабілеттері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып шығармашылық және спорттық жұмыстарға тарту;
- психоэмоционалды мониторинг жасау - кәмелетке толмағандар мен жастардың өмірлік процестеріндегі өзгерістерді, оларға қоршаған ортаның түрлі факторларларының әсер етуіне, адам ағзасына максималды рұхсат етілген техногендік жүктемелерге байланысты, сондай-ақ олардың денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаны бақылау мен бағалауға арналған бақылау жүйесі;
- кәмелетке толмағандар мен жастардың қоғамға қарсы және деструктивті мінез-құлқын анықтайтын және алдын алатын диагностикалық құралдарды жасау.
Құрылымы
Директордың психологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары (1 ставка)
Психологиялық жұмыс бөлімінің жетекшісі (1 ставка)
2 әдіскер (2 ставка)
2 психолог (бетпе-бет кеңес беру) (3 ставка)
4 психолог «сенім телефоны» (4 ставка)
2 әдіскер (2 ставка)
2 психолог (бетпе-бет кеңес беру) (3 ставка)
4 психолог «сенім телефоны» (4 ставка)
Бөлім жұмысының тренді
- ақпараттық-талдау қызметі;
- психологиялық және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру;
- кәмелетке толмағандар мен жастардың мінез-құлқын психологиялық түзету;
- барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагог- психологтарымен өзара әрекеттесу, олардың жұмысын әдістемелік жағынан сүйемелдеу;
- халықаралық, республикалық тәжірибені зерттеу және енгізу;
- Облыс бойынша мобильді әрекет ету тобының жұмысын ұйымдастыру.
Басшының психологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының функционалдық міндеттері
- Психологиялық жұмыс бөлімінің қызметін үйлестіреді және бақылайды: әдістемелік, кеңес беру, сенім телефоны мен мобильді әрекет ету топтарының жұмысын.
- Психологиялық жұмыс бөліміндегі іс-әрекеті мазмұнының бағытын анықтайды.
- Бөлімнің перспективалық бағдарламасын жасайды.
- Мобильді жауап тобының жұмысын қамтамасыз етеді және оның құрамына кіреді.
- Психологиялық жұмыс бөліміндегі жұмыстарды бақылайды, талдайды, қорытындылайды.
- Есеп құжаттарын талаптарға сәйкес жүргізеді.
- Сұраныс бойынша психологиялық жұмыс туралы ақпарат, материалдар, анықтамалар, есептер дайындауды қамтамасыз етеді (білім басқармасы, өзара әрекеттесетін құрылымдар).
- Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының психологиялық жұмысының жарнамалық қызметін ұйымдастырады және бақылайды.
- Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесуді (ақпараттық іс-шаралар, мақалалар орналастыру), Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының сайтында психологиялық бөлімнің ақпараттық мазмұнын қамтамасыз етеді.
Психологиялық жұмыс бөлімі басшысының функционалдық міндеттері
- Психологиялық жұмыс бөлімінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды: әдіскерлерді, психологтарды, сенім телефонын, мобильді жауап тобын.
- Бөлімнің жұмысын талдайды, қорытындылайды.
- Бөлім жұмысының перспективалық бағдарламасын құруға қатысады.
- Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы психологиялық іс-әрекетке және оқу үрдісін психологиялық қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша облыстың тиісті ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.
- Бөлімнің ақпараттық-баспа қызметін қамтамасыз етеді (кітапшалар, буклеттер және т.б.).
- Есеп құжаттарын жүргізеді, бұл туралы әкімшілікке хабарлайды.
- Іс-шараларды ұйымдастырып-өткізеді (семинарлар, практикумдар, тренингтер).
- Мобильді әрекет ету тобының құрамына кіреді.
Психологтың функционалдық міндеттері (күндізгі кеңес беру)
- Диагностикалық іс-шараларды жүргізеді.
- Күндізгі (жеке) психологиялық кеңес береді.
- Отбасылық кеңестер өткізеді.
- Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқын психологиялық түзетуді жүзеге асырады.
- Топтық тренингті әзірлейді және өткізеді.
- Өтініштерге мониторинг жүргізеді.
- Талдау қызметін жүргізеді.
- Мобильді әрекет ету тобының құрамына кіреді.
Психологтың функционалдық міндеттері (сенім телефоны)
- Телефондық психологиялық кеңес беріледі.
- Мүмкіндігінше күндізгі кеңес береді.
- Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқын психологиялық түзетуді жүзеге асырады.
- Өтініштерге мониторинг жүргізеді.
- Талдау қызметін жүргізеді.
- Тәуекел дәрежесін бағалайды және қажет болған жағдайда мобильді іс-әрекет тобын шақырады.
Әдіскердің функционалдық міндеттері (облыстың жалпы білім беретін мектептеріне бекітілген)
- Облыстың жалпы білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының жұмысына жетекшілік етеді және үйлестіреді.
- Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық жұмыстың жай-күйін талдайды, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасайды.
- Облыс мектептерінің педагог-психологтарына арналған оқыту семинарларының, практикумдардың әдістемелік және ақпараттық материалдарын әзірлейді.
- Семинарлар, практикумдар, тренингтер ұйымдастырады және өткізеді.
- Психологиялық қолдау жұмыстарын ұйымдастыруда психологтарға білім беру бағдарламаларының, формаларының, әдістері мен оқу құралдарының мазмұнын анықтауға көмектеседі.
- Білім беру мекемелерінде психологиялық-педагогикалық жұмыстарға мониторинг жүргізеді.
- Мобильді әрекет ету тобының құрамына кіреді.
Әдіскердің функционалдық міндеттері (облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бекітілген)
- Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының жұмысына жетекшілік етеді және үйлестіреді.
- Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық жұмыстың жай-күйін талдайды, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
- Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру педагог-психологтарына арналған оқыту семинарларының, практикумдардың әдістемелік және ақпараттық материалдарын әзірлейді.
- Семинарлар, практикумдар, тренингтер ұйымдастырады және өткізеді.
- Психологиялық қолдау жұмыстарын ұйымдастыруда психологтарға білім беру бағдарламаларының, формаларының, әдістері мен оқу құралдарының мазмұнын анықтауға көмектеседі.
- Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық жұмыстарға мониторинг жүргізеді.
- Мобильді әрекет ету тобының құрамына кіреді.
Заңгердің функционалдық міндеттері
- Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының құқықтық мәселелері бойынша кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне кеңес береді.
- Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының құқықтық сипаттағы құжаттарын әзірлейді.
- Қажет болған жағдайда білім беру ұйымдарына құқықтық көмек көрсетеді.
- Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының құқықтық қызмет нәтижелерін зерделеуді, талдауды және қорытуды жүргізеді.
- Мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың сұрау салуы бойынша ақпаратты уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді.
- Мобильді әрекет ету тобының құрамына кіреді.
- Ұйымның құқықтық мәселелері бойынша БАҚ-пен өзара әрекет етеді.