Фёдоров ауданының Первомай жалпы орта мектебінде «Күйзеліс бақылауда» атты науқан өткізілуде. Осы науқан аясында педагог-психолог Величко В.А. 8-сынып оқушыларымен арнайы тренинг өткізді.
Мақсаты – балаларды күйзелісті тануға, оның себептерін түсінуге және онымен күресе білуге үйрету.
Оқушылар «Күйзеліс және мен», «Күйзеліске қарсы күрес әдістері», «Мен күйзеліс жағдайында не істеймін?» атты психологиялық жаттығуларға қатысты. Онда балаларға терең тыныс алу, визуализация, бұлшықеттерді босаңсыту сынды тәсілдер үйретілді.
Педагог-психолог балаларға ең бастысы – өз-өзіне тұйықталмау, күйзеліс жағдайынан шығудың өз жолын табу екенін түсіндірді. Сондай-ақ, күйзелісті бақылауды үйрену, оның бізді басқаруына жол бермеу маңызды екенін айтты.
Рефлексия кезінде балалар бір-біріне «жүрекшені» беру арқылы өздері үшін ең пайдалы деп есептейтін күйзеліс жеңу тәсілін айтып отырды.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg