ҰСЫНЫСТАР
тамыздық конференцияның білім беру педагог қызметкерлері «Психология» бөлімі
2020 жылдың 10 тамызы Қостанай.қ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Психологялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығынына:
- жалғастыру:
- өзіне қол жұмсау мінез-құлқының алдын алу, кәмелетке толмағандардың, жыныстық тұтастық пен тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша білім беру процесінің барлық қатысушыларына (психологтар, әлеуметтік педагогтар, директордың ТЖ орынбасарлары, сынып жетекшілері, кураторлар, пән мұғалімдері, полиция инспекторлары, оқушылар, ата-аналар) облыстық семинар-практикум арқылы әдістемелік оқыту қызметін;
- аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу саласындағы халықаралық және республикалық тәжірибені зерттеу бойынша жұмысын;
- өзіне қол жұмсау мінез-құлқын, тұрмыстық зорлық-зомбылықты және кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауын алдын-алу бойынша психологиялық қызметтер мен Қостанай облысының білім беру ұйымдарының психологиялық қызметі жұмысының тиімділігіне мониторинг жүргізуін;
- диалог алаңдары, соның ішінде, қашықтан және Интернет сайттары арқылы білім беру психологтарының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты .
- аудио кеңес, онлайн кеңес, қашықтықтан кеңес берудің жаңа интерактивті технологияларын қолдана отырып, білім беру процесінің барлық қатысушыларына психологиялық қолдау көрсету.
Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері:
- білім беру ұйымдарындағы жағымды психологиялық климатты қолдау үшін Қостанай облысының білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасау жөніндегі шаралар, оқушыларға жанжалсыз қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі жеткілікті бағалау, өмірлік жағдайдағы қиындықтарға, өзіне қол жұмсау көңіл-күйіне, агрессивті және девиантты мінез-құлыққа бейім оқушыларға қажетті психологиялық-түзету және басқа көмек көрсету шаралар қабылдау;
- бақылауда ұстау:
- Қостанай облысында білім беру ұйымдарында өзіне қол жұмсау мінез-құлқын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу (квартал сайын тестілеу);
- «Отбасы клубы», «Жасөспірімдер мен жастар арасында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу», «Мұғалімдердің кәсіби және эмоционалдық күйзелісі», «Жазғы психологиялық қолдау алаңдары» жобаларын іске асыру.
Жалпы орта білім беру ұйымдары:
- қашықтан диагностика жасау, кеңес беру және түзету арқылы оқушылармен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету;
- «Отбасы клубы», «Жасөспірімдер мен жастар арасында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу», «Мұғалімдердің кәсіби және эмоционалдық күйзелісі», «Жазғы психологиялық қолдау алаңдары» жобаларын іске асыруды жалғастыру.
- «Отбасы клубы» жобасы аясында, заманауи педагогикалық новациялар пайдалануымен ата-аналардың лекториялары оның ішінде қашықтықтағы форматта кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлқының, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу бойынша ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру жүйесін дамыту;
- балалармен жасөспірімдердің тұрақты жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру арқылы балалар мен жасөспірімдердегі жағымсыз құбылыстардың алдын-алу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі, соның ішінде әлеуметтік қауіпті топтағы жасөспірімдерді жүз пайыз жұмыспен қамту, оларды бұқаралық спорт пен еріктілер (өз еркімен) қозғалысына қатыстыруын көтеру.