ТРЕНИНГ:
БУЛЛИНГ –

ҚАЛАЙ ӨЗІҢДІ ТАНУҒА, ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?

Мақсатты аудитория: балалар
Жұмыс түрі: интерактивті тренинг топтық жаттығулармен
Формат: офлайн
Қатысушылар саны: 50
Күні: __________

Тренингтің мақсаты:

  1. Буллингтің әртүрлі түрлері туралы хабардарлықты арттыру.
  2. Өзін-өзі қорғау және сенімді мінез-құлық дағдыларын дамыту.
  3. Жасөспірімдерге бір-біріне қолдау көрсету және немқұрайлы болмауды үйрету.
  4. Эмпатия мен түрлі адамдарға деген құрметті тәрбиелеу.

Құралдар мен материалдар:

  • Стикерлер (жұлдыз, жүрек, тас түрінде — тек әртүрлі пішіндер болуы мүмкін)
  • Буллинг жағдайларын сипаттайтын карточкалар
  • Фломастерлер мен A4 қағаздар
  • Буллинг жағдайларындағы рөлдер туралы баспа материалдары
  • Таймер/сағат
  • Доска немесе флипчарт
  • Кубок

Тренинг барысы:

Сәлемдесу және жаттығу (15 минут)

Мақсат: Қатысушылармен қарым-қатынас орнату, сенімді атмосфера жасау, қатысушыларды белсендіру.

1. ТАНЫСУ ЖАТТЫҒУЫ:

«Менің атым _______________, мен ___________________ ұнатамын»

(Мысалы: «Менің атым Айдар, мен баскетболды жақсы көремін»).
Сол нәрсені ұнататындар алға қадам жасайды.
Осылайша қатысушылар бір-бірімен ортақ нәрсені табады. Жаттығудан кейін: Қысқаша талқылап, қаншалықты ортақ нәрселеріміз бар екенін айтыңыз, ал біз әртүрліміз. Бұл буллинг тақырыбына өтуде көмектеседі, өйткені буллинг көбінесе «жек көру» негізінде пайда болады.

Тақырыпқа кіріспе (10 минут)

Кішігірм - лекция «Буллинг дегеніміз не?» 

Буллингтің түрлері:

  • Физикалық (соққылар, итерулер)
  • Вербальды (қорлаулар, қорқыту)
  • Әлеуметтік (құрылымнан шығару, қатыспау)
  • Кибербуллинг (интернетте, чаттарда)

Интерактив:

Балаларды 5-6 адамнан топтарға бөліп, карточкаларды таратыңыз. Қатысушылар буллинг жағдайларын шешіп, буллинг болып табылатындығын анықтауы тиіс.

  • Карточкалар мысалдары:
  1. Бір рет қыздың сыртқы келбеті үшін келекеге айналдырды.
  2. Сыныптастары ұл баланы үнемі ойнауға шақырмайды.
  3. Сынып чатында оқушының күлкілі суреті салынған және мазақтаған.
  4. Сабақта біреу дұрыс жауап бермегенде, сыныптастары күліп жіберді.
  5. Бірнеше оқушы әр күн сайын бір ұлдың сөмкесін жасырады.
  6. Бір рет қыз бала құрбысымен ұрсысып қалып, оған қол көтереді.
  7. Мектепте бір оқушы туралы сыбыс тарады және бәрі онымен араласудан бас тартты.
  8. Бір ұл басқаларды мазақтап, лақап аттар беріп ренжітеді.
  9. Оқушылар чат құрады, бірақ бір сыныптасы жоқ, ол туралы сонда талқылайды.
  10. Ұл дәлізде біреумен кездейсоқ соқтығысып қалып, оған айқайлады.

Талқылау: Буллинг мен жай конфликт немесе бір реттік әзілдің айырмашылығы неде? (Буллинг ­ жүйелі және қорлау мақсатында жасалады.)

Ойынды «Пікірталастар» өткізу (20 минут)

Мақсат: Буллинг мәселесіне қатысты өз көзқарастарын анықтау

Ойын үшін төрт қағаз парақ қажет, әрқайсында келесі пікірлер жазылған:

  • «Толықтай келісемін»
  • «Келісемін, бірақ...»
  • «Толықтай келіспеймін»
  • «Айтарым жоқ»

Бұл қағаздар бөлменің төрт бұрышына ілінеді. Жүргізуші даулы пікірлерді оқиды, қатысушылар өз көзқарасына сәйкес парақтардың қасында тұруы керек. Қатысушылар өз таңдауын негіздеуі керек. Әрбір қатысушының пікірін тыңдағаннан кейін, ведущий өз пікірін қысқаша баяндайды.

Даулы пікірлер мысалдары:

  1. Буллинг ­ жай әзіл.
  2. Психологиялық зорлық-зомбылық шын мәнінде зиян келтірмейді.
  3. Кейде буллинг адамды мықты етеді.
  4. Тек әлсіздер буллингтің құрбаны болады.
  5. Көптеген жасөспірімдер буллингке тап болады.
  6. Буллингпен күресу үшін оны жай ғана елемеу жеткілікті.

Нәтижесінде балалар буллингтің мифтер мен стереотиптер екендігін түсінеді.

Буллинг ­ бұл әзіл емес, ол зиян келтіреді және қауіпті болуы мүмкін.

Сенімді мінез-құлық жаттығуы (20 минут)

Жаттығу «Қауіпсіздік шеңбері»

Мақсаты: Балаларға қиын жағдайда кімдердің көмектесе алатынын түсіндіру Бұл жаттығу балаларға сенімділікті және көмекке жүгіну жолдарын дамытуға көмектеседі.

Жаттығу барысы:

Балаларға 3 шеңбер сызып, әрқайсысына аты мен өзін бейнелеу

тапсырылған. Балаларға осы шеңберлердің мағынасын түсіндіріңіз:

  • Ішкі шеңбер: Тез арада жүгінуге болатын адамдар (мысалы, ана, әке, жақын дос)
  • Ортаңғы шеңбер: Сенетін, бірақ бәрін айтпайтын адамдар (мысалы, сынып жетекші, ағай, жаттықтырушы)
  • Сыртқы шеңбер: Егер басқалары қол жетімді болмаса, көмек көрсетуі мүмкін адамдар (мысалы, мектеп психологы, мұғалім, сенім телефоны, полиция).

Балалар осы шеңберлерді толтырады.

5. Эмпатия және қолдау (10 минут)

«Егер мен оның орнында болсам...»
Мақсаты: Эмпатияны дамыту.

6. «Кері байланыс шеңбері»

Мақсаты: Жақсы сөздің күшін көрсету.

7. «Оскар» жаттығуы (20 минут)

Мақсаты: Өзінің және басқалардың жақсы қасиеттерін көру дағдысын дамыту.

8. «Тас, жүрек, жұлдыз» жаттығуы (5 минут)

Қатысушылар әртүрлі сезімдерін білдіріп, плакатқа немесе доскаға жапсырады.

Финалдық дөңгелек:

Әр қатысушы өз сезімдері туралы бір сөз айтады (мысалы: «сенім», «түсіну», «бейбітшілік», «эмпатия»).


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg