Б.Майлин ауданы Береговой ОМ-де түлектердің ата-аналарына арналған «ҰБТ-ға дайындық кезінде психологиялық көмек» тақырыбында жиналыс өтті.
Кездесу облыстық жоба – біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» аясында өткізілді. Ұйымдастырушылар – сынып жетекшісі мен мектеп психологы.
Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға бұл күрделі кезеңде балаларына қалай дұрыс қолдау көрсету керектігін түсіндіру, отбасындағы мазасыздық деңгейін төмендету және емтиханға дайындалу үшін қолайлы атмосфера құру.
Қатысушыларға ҰБТ – өмірдегі бір ғана кезең екені түсіндірілді, ал ата-аналық қолдау – қысым көзі емес, сенімді тірек болу керектігі атап өтілді.
Ерекше әсер қалдырған жаттығу – «Қолдау хаты» болды. Ата-аналар балаларға арнап жүрекжарды, шынайы хаттар жазды. Бұл хаттар оларды емтихан алдында шабыттандырады.
Сонымен қатар өзін-өзі реттеу бойынша практикалық тәсілдер ұсынылды:
* тыныс алу жаттығулары;
* бұлшық еттерді босаңсыту;
* жағымды ойлау бейнелерін қолдану.
Барлық қатысушыларға «ҰБТ кезінде баланы қолдауға арналған 10 кеңес» жадынамасы таратылды. Ең бастысы – әр ата-ана балаға сенім ұялату мен жанында болудың маңызын түсіндірілді.